*Ақмола облысы тұрғындарының назарына!*
Әр үйге қолжетімді спутниктік теледидар!
Құрметті Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалаларының, кенттерінің, ауылдарының, ауылдық округтерінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (7-баптың 14) тармақшасына, 51-баптың 2 және 6-тармақтарына сәйкес) 2025 жылдың қаңтар айынан бастап спутниктік телерадиохабар тарату операторларының *спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалған шығыстарын субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламасын* іске қосты. Бағдарламаның мақсаты — шалғайдағы және шағын елді мекендердің тұрғындары үшін сапалы спутниктік теледидарды одан әрі қолжетімді ету.
«TV Commerce» ЖШС осы мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы ретінде сіздерге «dostv» брендімен спутниктік қабылдағыштарды сатып алуды ұсынады!
Сіз не аласыз:
⦁ Бағасы: «dostv» спутниктік қабылдағышының құны небәрі 15 000 теңге.
⦁ Тегін арналар топтамасы: кез келген талғамға сай 160 телеарнадан тұратын бір жылдық топтама.
⦁ Болашақтағы тиімді тариф: жеңілдетілген бір жылдық қарау мерзімі аяқталғаннан кейін барлық абоненттерге арнайы ең төменгі тариф ұсынылады.
Қайдан сатып алуға болады?
Субсидияланған қабылдағыштардың сату нүктелері Ақмола облысының келесі елді мекендерінде ашылған:
1. Ақкөл ауданы: Ақкөл қаласы, Х.Ерғалиев көшесі 3, тел.: 87087733976
2. Бұланды ауданы: Макинск қаласы, Уәлиханов көшесі 10, тел.: 87026071999
3. Сандықтау ауданы: Балкашино ауылы, Абылайхан көшесі 124, тел.: 87056585771
4. Целиноград ауданы: Талапкер ауылы, Астрахан тасжолы 3/1, тел.: 87024058746
5. Целиноград ауданы: Қабанбай батыр ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі 4, тел.: 87714680606
Сіздің елді мекеніңізде сату нүктесі жоқ па? Еш алаңдамаңыз!
Бағдарлама барлық елді мекендердің, тіпті ең шалғайдағы және шағын елді мекендердің тұрғындарына бағытталған. Егер облыстың басқа аудандарының бірінде приставкаларға үлкен сұраныс болса, бірақ ашық сауда нүктесі болмаса, біз мобильді бригаданың сол ауданға барып, қабылдағыштарды сол жерде сатуын ұйымдастыра аламыз!
Ол үшін тұрғындарды белгілі бір күнге (мысалы, әкімдік ғимаратына) жинау қажет. Біздің бригадамыз келіп, таныстырылым өткізеді, қабылдағыштарды сатады және сол жерде қажетті кеңес береді.
Тиімді шарттармен сапалы спутниктік теледидарға қосылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!