Есеп беру кездесулерін - өткізу туралы хабарлама

Есеп беру кездесулерін - өткізу туралы хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ЕЛТОҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Аршалы ауданының әкімі БАЛПАН МҰРАТ САҒАТҰЛЫ және Елтоқ ауылдық округінің әкімі ҚЫДЫРБАЕВА ТЫНЫШТЫҚ ҰЗАҚБАЙҚЫЗЫ жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес Елтоқ ауылдық округінде тұрғындармен кездесулер өткізеді.
Әр кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдайды.
Сондай-ақ, ауылдық округ әкімі 2024 жылғы 20 сәуірде округтің шағын елді мекендерінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізетін болады. 42-Разъезде сағат 12.00 де медициналық пункт ғимаратында, Қойгелді ауылында сағат 15.00-де жалпы білім беретін мектеп ғимаратында.
Сіздер өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жазбаша түрде «Ұсыныстар, ескертулер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшіктерге, сондай-ақ әлеуметтік желілерде әкімдіктің ресми парақшаларына немесе 8(71644) 2-34-34 телефон нөміріне жібере аласыз.

«Елтоқ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ