Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!

13 ақпан күні түстен кейін Ақмола облысының аумағында екпіні 15-20 м/с желмен боран болады деп күтілуде.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сізден автокөлікпен ұзақ сапарлардан бас тартуды сұрайды. Елді мекендерден тыс сапарды жоспарлау кезінде синоптиктердің болжамын тыңдаңыз, құтқару қызметінің SMS хабарламаларына назар аударыңыз. Автожолдардың жабылуы немесе ашылуы туралы Сіз «Дармен» мобильді қосымшасынан біле аласыз немесе 14-03 нөмірі бойынша «Қазавтожол» колл-орталығына жүгіне аласыз.