Құрметті жас түлектер!

Құрметті жас түлектер!

Бейнежазба

Құрметті жас түлектер!

Сіздерге Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

Негізгі шарттары:

1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;

2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;

3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4) конкурссыз Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы (Көкшетау қаласынан басқа) мемлекеттік органдарда бас маман / жетекші маман лауазымдарына орналасуға болады.

Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.

Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін baspasoz_kyzmet@mail.ru почтасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

  • 2026 жылы алынған білім туралы құжат (диплом) және оның қосымшалары;
  • жұмыс істегіңіз келетін аудандардың және қалалардың (Көкшетау қаласынан басқа) атаулары;
  • үміткердің байланыс мәліметтері (телефон нөмірі).

Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар:

@zhazira_toqtar

@elgeqyzmet.aqmola

Осы мәселеге қатысты кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады.