2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы

2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы

Қазақстан Республикасының  2023 жылғы 05 желтоқсандағы «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  Заңына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;

  -    жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік      

      көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;

 -    базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс  

      минимумының (КМ) шамасы – 43 407 теңге.

 

         2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9% -ға арттырылады.

            2024 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін  ең жоғары табыс 55 АЕК-тен аспауға тиіс (203 060 теңге).

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері- зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 206-бабына сәйкес жаңа КМ өлшемінің пайызы ретінде орнатылады.Бұл 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жаңадан және бұрыңғы зейнеткерлерге де қатысты.

           Ақмола облысында базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 204 теңгеден 128 926 теңгеге дейін өседі.

         Мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; мүгедек балаларды (мүмкіндігі шектеулі балалар) тәрбиелеп отырған ата-аналарға,  асырап алушыға, қамқоршыға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақылар; 1-ші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 7%-ға өсуіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері; бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы; арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы; «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежелі Аналық Даңқы» орденімен марапатталған, АЕК мөлшерінің 7%-ға өсуіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2023 жылғы 19 қазандағы №925 «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7%-ға өсуіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

Бұдан басқа, Кодекстің 85-бабының 2-тармағына сәйкес бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оның күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Кодекстің 76-бабына сәйкес ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, осы Кодекстің 82-бабына сәйкес бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен аз болса міндетті зейнетақы жарналарының қосымша есебін ескере отырып, мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне дейін ұлғайтылады.

Ақмола облысы бойынша 01.01.2024 ж. бастап  292 892 төлемге арттырылады. 01.01.2024 жылдан бастап ай сайынғы төлем сомасы 2 млрд. теңгеге өсіп және 19,7 млрд. теңгені құрайды.