Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!
«Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы» 2025 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/226 Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8С-19-4 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
Жалғызқарағай ауылдық округінің Қайнар ауылы:
- басқа қоныстар санатына жатқызылды;
- есептік деректерден шығарылды;
- оның аумағы Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің Жалғызқарағай ауылының құрамына енгізілді.
Ерназар ауылы:
- Ақкөл қаласының әкімшілік бағынысынан шығарылып, Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілді.
Құрметпен,
Ақкөл ауданының әкімдігі