Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін 2024 жылғы 13-23 мамыр аралығында Ақкөл ауданында аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулері өткізіледі.
Бұдан басқа, тұрғындармен кездесу өткізгеннен кейін, аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің кездесу кестесі өзгерген жағдайда ақпарат Ақкөл ауданы әкімдігінің ресми беттерінде қосымша ұсынылатын болады.
Ақкөл ауданы әкімінің аппараты