Отырыста отбасының цифрлық картасы көрсеткіштерін орындау және отбасыларды қолдау механизмдерін жетілдіруге, әлеуметтік салада өңірлік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны енгізу мәселелері қаралды.
Баяндамамен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мананбаева Н.К. сөз сөйлеп, отбасының цифрлық картасының өңірлік басқару жүйесіндегі маңызды құрал ретіндегі рөлін атап өтті. Ол цифрлық шешімдерді қолдану әр жағдайға жекелей қарауға, көмектің сапасын арттыруға және процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.
Ташенова Б.Х., мансап орталығының директоры, отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бағалау шеңберіндегі азаматтардың санаттары туралы айтып, кешенді тәсіл мен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды.
2025 жылға арналған отбасының цифрлық картасы тізімдерін өзектендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы мансап орталығының маманы Жанабаева И.А. баяндама жасап, өзекті деректер халықтың қажеттіліктерін дәлірек анықтауға және ресурстарды ең алдымен қажет ететін бағыттарға бөлуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мақсатты әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша мансап орталығының кеңесшісі Бережная В.В. сөз сөйлеп, көмектің атаулылығы мен көрсетілетін шаралардың тиімділігіне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, отырыс аясында қала және ауылдық округтер әкімдері отбасының әлеуметтік әл-ауқаты көрсеткіштеріне сәйкес «D» және «E» санаттарына жататын тұлғалар тізімдерімен жүргізілген жұмыс туралы есеп берді. Аталған санатпен жұмыс істеу үшін ерекше назар мен жекелеген тәсілді талап ететіні айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және деректерді өзектендіру жұмысын жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.