Мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақкөл қаласындағы №3 орта мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Оқу орнында спортзалға күрделі жөндеу жүргізіліп, жылу жүйесі, кәріз және су құбыры толығымен ауыстырылды. Сонымен қатар, қабырғалар сырланып, ескі ағаш терезелер 165 жаңа пластикалық терезеге ауыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, жөндеу «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 40 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды. Аталмыш бағдарлама аясында 5 адам жұмыспен қамтылды. Жөндеу жұмыстарын «BEST TECHNOLOGY COMPANY» ЖШС жүргізген болатын.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында оқу орындар жаңа көркем түрге ие болып, балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.