Ешкім назардан тыс қалған жоқ

Ешкім назардан тыс қалған жоқ

26 тамыз күні Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов азаматтарды жеке қабылдады. Аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша он үш тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.

Өз өтініштерінде ақкөлдіктер тұрғын үймен қамтамасыз ету, ТКШ, білім беру мен туризмді дамыту, жер телімін беру, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ материалдық және өзге де көмек көрсету мәселелері бойынша өтініштер мен проблемаларды айтты.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті қызмет басшыларына тапсырмалар жүктеді.