ТКШ нысандарын тексеру жүргізілді

ТКШ нысандарын тексеру жүргізілді

Бүгін Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің басшысы
Қанат Дүзелбаевпен бірге «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын тексерді.

Іс-шара барысында №2 АОМ-нің қазандығы, М.Мәметова көшесіндегі 5 екі қабатты үйлердің жылу желілері қаралды.

Айта кетейік, аталмыш қазандық пен жылу желілері бойынша жұмыстар аяқталуға жақын, ал жаңа жылыту маусымында жоғарыда аталған үйлер орталық жылыту жүйесіне қосылатын болады.