Әкім құрылыс алаңында кеңес өткізді

Әкім құрылыс алаңында кеңес өткізді

1 қыркүйек күні Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов Ақкөл қаласындағы 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, өзін-өзі басқаратын бөлімдердің басшылары, ТКШ қызметінің басшысы, сондай-ақ мердігерлік ұйымның өкілі қатысты.

Кеңес барысында егін жинау науқаны, жылыту маусымына дайындық, әлеуметтік нысандар мен ТКШ нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеуді аяқтау, ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрлау, жаңа жұмыс орындарын ашу, ТКШ нысандарын салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің санын арттыру мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақкөл қаласындағы Иманов көшесі, 18 мекенжайындағы 5 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен басталды. Құрылыс мердігері – «Камила» ЖШС. Жобаның құны 421 млн. 381 мың теңгені құрайды. 1 бөлмелі пәтердің жалпы алаңы – 35,7 м², 2 бөлмелі пәтердің алаңы – 57,4 және 55,2 м², 3 бөлмелі пәтердің алаңы – 68,0 м² құрайды. Тұрғын үй алуға «Жилстройсбербанк» АҚ-да жинақтары бар және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған салымшылар үміткер бола алады.

Іс-шараны қорытындылай келе, аудан әкімі тиісті қызметтерге ТКШ нысандарының құрылысы бойынша жұмыс қарқынын жеделдетуді және бюджет қаражатын тиімді игеру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.