Құрылысшылар күнімен құттықтау

Құрылысшылар күнімен құттықтау

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Құрылыс – адамзат баласымен бірге келе жатқан жасампаз кәсіп. Бүгінде ауданымызда құрылыс саласы қарқынды дамып, ел экономикасының, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуына айрықша ықпал етіп келеді.

Бүгінгідей әсем де көрікті, түрлі заманауи нысандардың бой түзеуі – құрылысшылар легінің мезгілдің ыстық-суығын елемей, күн-түн демей атқарған игі істерінің жемісі. Қандай кезең болмасын құрылыс саласы өз жұмысын тоқтатпай, ел игілігін еселеуде. Қазіргі күні ауданымыз күн сайын көркейіп, абаттанып келеді.

Құрметті құрылысшылар мен құрылыс саласының ардагерлері, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз, адалдық, жанқиярлық және шығармашылық жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

 

Ақкөл ауданы әкімінің

міндетін атқарушысы

Саят Кенжетай