МЕРДІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

МЕРДІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

16 сәуірде Ақкөл ауданының әкімі мердігерлермен жиын өткізіп, аудандағы ағымдағы инфрақұрылымдық жобаларды талқылады. Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту мен жақсартуға қатысты түйткілді мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Тұрғын үйлер, жолдар салу, коммуникацияларды жөндеу, қала аудандарын абаттандыру және жаңа әлеуметтік нысандарды құру сияқты инфрақұрылымдық жобалардың аудан тұрғындарының өсіп-өркендеуі мен әл-ауқаты үшін маңызы зор.

Жиын барысында аудан әкімі Біржан Әбдірахманов мердігер ұйым басшыларының назарын атқарылған жұмыстардың сапасына және барлық нысандардың мерзімінде тапсырылуына аударды.