Құрметті Ақкөл ауданының ұстаздары мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деді дана Абай.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық – мәртебелі мамандық. Себебі ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ардақты тұлға.
Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.
Қадірлі ұлағатты ұстаздар!
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін!
Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Сіздерге күнделік жұмысыңыз үшін алғыс айтамын және осы жолда сәттілік пен үлкен жетістіктер тілеймін!
Ізгі ниетпен, Ақкөл ауданы әкімінің м.а. Біржан Әбдірахманов