Аудан әкімінің жоспарлы кездесулері: Еңбек пен Наумов ауылдық округтері

Аудан әкімінің жоспарлы кездесулері:  Еңбек пен Наумов ауылдық округтері

Еңбек және Наумов ауылдық округтерінің ауылдық мәдениет үйлерінің ғимараттарында аудан әкімі Юрий Курушиннің халықпен кездесуі өтті.

Ауылдық округ әкімдері 2022 жылы атқарылған жұмыстар және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат берді.

Кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлімдердің басшылары, аумақтық ведомстволар мен қызметтердің өкілдері, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ тұрғындар қатысты.

Тұрғындар округтерді одан әрі дамытудың түрлі мәселелерін көтерді, соның ішінде шөп шабу, Еңбек ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторының болмауы, Еңбек ауылындағы кентішілік жолға орташа жөндеу жүргізу. Тұрғындардың барлық сұрақтарына аудан әкімі және ауылдық округ әкімдері толық жауаптар мен түсініктемелер берді.

Кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімінің азаматтарды қабылдауы өтті, онда азаматтардың өзекті мәселелері қаралды.