«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында өткізілетін «Ашық есік күніне» шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында өткізілетін «Ашық есік күніне» шақырады

2023 жылдың 14 наурызы күні «БЖЗҚ» АҚ «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. 

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды сақтандыру ұйымдарына, оның ішінде бірлескен (немесе отбасылық) зейнетақы аннуитетін пайдалана отырып аудару арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігін жүзеге асыруға болатындығы туралы хабардар ету.  

Зейнетақы аннуитеті – бұл өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ұсынатын және зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда БЖЗҚ салымшыларына (алушыларына) зейнет жасына толғаннан кейін немесе заңда белгіленген зейнет жасына дейін өмір бойғы төлемдер алуды бастауға мүмкіндік беретін өнім. Өзінің мазмұны бойынша зейнетақы аннуитеті –  БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерімен қатар, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін басқа кіріс көздері болмауы әбден мүмкін болашақта қажеттіліктерді төлеуге арналған зейнетақымен қамсыздандыру құралы.

Салымшы (алушы) зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан ала ма, әлде ӨСК-ден ала ма, таңдауды өзі жасайды. Өткен жылы зейнетақы аннуитеті шарты бар салымшылар (алушылар) үшін зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап кемінде екі жылдай уақыт өткен соң зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ӨСК-ден БЖЗҚ-ға қайтару мүмкіндігі заңнамалық түрде енгізілді.

Іс-шара барысында Қордың өңірлік бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) және басқа да қатысушыларға осы жаңалықтарды пайдаланудың іс-қимыл алгоритмі бойынша түсініктемелер, сұрақтарға жауаптар және жеке кеңестер береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 14 наурызда 10:00, 12:00 және 15:00 сағатта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет www.bit.ly/akm-0123 Содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізіңіз: 2519 415 3205 және event-кеңестің паролі: 1234

        

«БЖЗҚ» АҚ  өз салымшылары (алушылары) мен барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде»  күтеді!