Зейнетақы активтерін басқару туралы есеп enpf.kz сайтына жарияланды

Зейнетақы активтерін басқару туралы есеп enpf.kz сайтына жарияланды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Зейнетақы активтерін басқару туралы есеп enpf.kz сайтына жарияланды

 

2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

 

enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы ай сайынғы егжей-тегжейлі есебі, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылған.

Осыған дейін хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,15 трлн теңгеден асты.  Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 135,78 млрд теңге. Ал ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,06 млрд теңге.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 2022 жылғы 1 қарашаға ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей ұсынылған:

47,7% - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары құрайды,

25,5% - шетелдік активтер (оның ішінде индекстік басқарудағы активтер, сондай-ақ, шет мемлекеттердің МБҚ, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары),

шамамен 13% - квазимемлекеттік сектордың құралдары,

8% - дан астамы - ЕДБ құралдары,

2,7% - МҚҰ,

басқа активтер.

Ұзақ мерзімді кезеңде табыстылықты арттыру және тәуекелдерді азайту мақсатында зейнетақы активтерінің портфелін одан әрі әртараптандыру, ондағы табысты құралдарды неғұрлым ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде инвестициялық портфель 1 қарашадағы жағдай бойынша былайша ұсынылған:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 70,53%, АҚШ долларында – 28,41%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.

Айта кету керек, барлық зейнетақы активтерін ҚР ҰБ басқаруына берген 2014 жылдан бастап зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 17%-дан 28,5%-ға дейін ұлғайды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2022 жылдың басынан бастап 672,49 млрд.теңге. Зейнетақы активтерінің 2022 жылғы 10 айдағы кірістілігі – 4,82%, соңғы 12 айда (2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін) 5,97% болды. 2014 жылдан бастап 2022 жылдың қазанына дейінгі кезең ішіндегі жинақталған инвестициялық кіріс 6,7 трлн теңгеге жетті. Ал зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 119,5% көрсетті, бұл кезеңдегі инфляция – 115,2%.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттерінің  егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген жарналар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі  9,06 млрд теңге.

"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,079 млрд теңге. Оларға мыналар сатып алынды: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары, олар 30,65%, ҚРҰБ ноттары (портфельдің 22,36%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (17,67%). Портфельдің  24,69% РЕПО-да, 4,59% - шет мемлекеттердің МБҚ. Айта кетейік, портфельдің 64,73%  теңгемен, 35,27% АҚШ долларымен берілген. 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 39,17 млн. теңге, 1,43% болды.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.  

 

 «Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қарашасына 2,61 млрд теңге. Қоржын құрылымында кері Репо (90 күнтізбелік күннен артық емес) 49,26%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 13,23%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 13,23%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесіне ие бағалы қағаздар - 6,88%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 5,71%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,49%, МҚҰ облигациялары - 4,24%, басқа да активтер болды.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,10%, АҚШ долларында – 20,90%  құрады.

Жыл басынан бергі инвестициялық кірістілік мөлшері 60,09 млн теңгеге жетті, «Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 01.01.2022 ж. бастап 01.11.2022 ж. дейін - 2,29%.  

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

 «BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 1,48 млрд теңге. Олар ҚР Мемлекеттік облигацияларына 44,06%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 15,74%, пайларға (ETF индекстерге) 11,93%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 8,34%, МҚҰ облигациялары  5,88%, ҚР ЕДБ облигациялары 5,51%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 5,22%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 3,25%, өзге активтер. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 70,77%, АҚШ долларында 29,23%  инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде жыл басынан бергі табыс 4,43 млн теңгеге жетіп, «BCC Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі он ай ішінде 0,35% болды.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 0,98 млрд теңге. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға   54,6%, РЕПО – 15,39%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 11,86%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,34%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 8,06%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 1,76%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 80,72%, АҚШ долларында 19,28%  инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде жыл басынан бергі инвестициялық кірістілік мөлшері 29,4 млн теңге, «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезең ішінде 2,48%  болды.

 «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).