«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемін алу үшін өтініш бермеген зейнеткерлерге хабарлама жіберді

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемін алу үшін өтініш бермеген зейнеткерлерге хабарлама жіберді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемін алу үшін өтініш бермеген

зейнеткерлерге хабарлама жіберді     

 

БЖЗҚ зейнеткерлік жасқа толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ зейнетақы төлемдерін алу үшін  Қорға жүгінбеген қазақстандықтарды мақсатты түрде хабардар етті.

Жоғарыда хабарланғандай, БЖЗҚ жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен (Мемлекеттік корпорация) бірлесіп, зейнеткерлік жасқа толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ зейнетақы жинағы есебінен берілетін төлем үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарды анықтау тұрғысынан салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Аталған санаттағы тұлғаларға мемлекеттік корпорация SMS-хабарламалар жібереді. Онда зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алуға белсенді форматта келісім беруді ұсынады. Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыс нәтижесінде, 8 мыңға жуық адам БЖЗҚ-дан төлемдерді белсенді форматта ала бастады.

БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін алу үшін жүгінбеген тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Қор  бұрын жүгінбеген алушыларға, қажетті мәліметтері болған жағдайда, электрондық пошта мекенжайына хат немесе sms-хабарлама жіберуде.    

БЖЗҚ ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар Қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екенін еске салады. Осыған орай, Қор азаматтарға зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне уақытылы жүгінуге кеңес береді. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 1418 тегін нөмірі немесе БЖЗҚ кеңселерінен алуға болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).