Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар - кеңес

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар - кеңес

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын операциялық бағалау нәтижелерінің қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарын орындау шеңберінде Ақкөл ауданының әкімі Юрий Викторович Курушиннің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанәдiлова Айнагүл Балғожақызы және Ақмола облысы әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Данагүл Ғалиоллақызы қатысуымен семинар өтті.

Семинарға қала, ауыл, ауылдық округ әкімдері, әдеп жөніндегі уәкіл, мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы, дербес бөлімдердің басшылары мен мамандары, білім беру, денсаулық сақтау, мұрағат және ветеринария салаларының өкілдері қатысты.

Данагүл Жұмабек қатысушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың ережесін, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды бұзуға жол бермеу туралы хабардар етті.

Семинар барысында мамандар сұрақтар қойып, пікір алмасты.