Ақмола облысы департамент полициясының басшысы Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен келді.

Ақмола облысы департамент полициясының басшысы Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен келді.

22 қыркүйекте Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Думан Таев Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аудан әкімі Юрий Курушинмен бірге департамент басшысы аудандық бөлімнің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және жарақтандырылуын тексерді, қызметкерлердің жұмысымен танысты.

Одан кейін Думан Таев аймақ басшысымен бірге азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында қала тұрғындары полицияның алдын алу жұмыстары, өтініштерді ашу және оларға жедел ден қою жөніндегі қызметін оң бағалады.

 Жеке құраммен кездесуде Думан Таев мемлекет басшысының жаңа Қазақстанды қалыптастыру және қатаң тәртіпті сақтау, өз қатарларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң күрес бойынша қойған ІІМ-нің нақты талаптары туралы еске салды.

Генерал-майор полиция департаменті полицейлердің құқық тәртібі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды жалғастыратынын атап өтті. Сонымен қатар, ол цифрландыруды енгізу, бюрократияны қысқарту және сотқа дейінгі тергеу кезінде құжат айналымын азайту бойынша тапсырмалар берді.