Халық заңгері акциясы

Халық заңгері акциясы

2022 жылғы 16 қыркүйекте Ақкөл қаласында, Орталық аудандық кітапхана ғимаратында, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін көрсету, басқа да мәселелерді құқықтық алаңда шешу мақсатында "Халық заңгері" акциясы өткізілді.  Оның шеңберінде ауданның мемлекеттік органдарының өкілдері, заң консультациясының өкілдері тартылды.

Акция барысында іс-шараға қатысқан азаматтарға еңбек, зейнетақы құқықтық қатынастары, азаматтық құқық және басқа да мәселелер бойынша заң көмегі көрсетілді.