31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Құрметті ақкөлдіктер!

 

31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл күн біздің еліміздің тарихындағы миллиондаған кеңестік азаматтар тоталитарлық режимнің құрбаны болған қайғылы оқиғаларды еске салады. Жүз мыңдаған адам ГУЛАГтар мен арнайы қоныстарда әділетсіздік пен жантүршігерлік жағдайларын бастан кешірді. Осы кезең террор толқыны қасіретімен сипатталды. Сол уақыттан бері біраз уақыт өтті, бірақ зұлмат, қорқынышты кезеңдерді, жазықсыз зардап шеккен адамдарды ұмытуға хақымыз жоқ.

 

Біздің республикамыз миллиондаған кеңес азаматтары үшін депортация орнына айналды. «Халық жауын» анықтау бойынша тек қана жазаланғандар емес, сонымен қатар олардың жақындары да қатыгез саясаттан зардап шекті. Қазақстанда 3 миллионнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 600 мың адам ату жазасына кесілді. Қазақ халқының 40% аштықтан қаза тапты, республикадан бір миллионнан астам адам қоныс аударып кетті.

 

ХХ ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқының тарихындағы қасіретке толы, зобалаң да зұлмат кезең болды. Саяси қуғын-сүргін және 30-шы жылдардағы жаппай ашаршылық кезеңінде екі миллионнан астам қазақ қаза тапты. Миллионнан астам адам аман қалу үшін бөтен жаққа кетуге мәжбүр болды. Ұлт тарландары – зиялы қауым, дәйекті және мақсатты түрде жойылды. Қазақстанға күштеп немістер, қырым татарлары, кәрістер, поляктар, Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері де жер аударылды.

 

Қадірлі жерлестер! Тоталитарлық жүйеде қаза тапқан немесе қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға құрмет көрсете отырып, біз бұл туралы әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Бізге тарихтың ащы сабақтарын ұмытуға болмайды. Мұны ешқашан қайталамау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасау керек. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар әрқашан мемлекеттің қамқорлығын, біздің қоғамымыздың назары мен қолдауын сезінуі, жазықсыз құрбандарды еске алу қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтары үшін болашаққа алдын ала сақтану үшін маңызды. Осы ауыр сынақтардан өткендердің барлығына шын жүректен зор денсаулық, амандық, отбасылық игілік және ұзақ өмір тілеймін!

 

 

Ақкөл ауданының әкімі, Ю. Курушин