М. Мәметова, Бигелдинов, Строительная көшелеріндегі үйлердің тұрғындарымен жиналыс өткізілді.

М. Мәметова, Бигелдинов, Строительная көшелеріндегі үйлердің тұрғындарымен жиналыс өткізілді.

Жыл сайын өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

02 тамызда Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов Ақкөл қаласының М. Мәметова, Бигелдинов, Строительная көшелерінде орналасқан үйлердің тұрғындарымен жиын өткізді.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат хатшысы, дербес бөлім басшылары, қала әкімі қатысты.

Талқылау барысында көп пәтерлі тұрғын үйлерді орталық жылуға қосу және мүлік иелерінің бірлестігін құру мәселелері, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.

Биыл № 2 Ақкөл орта мектебінің қазандығынан 4 көппәтерлі тұрғын үйді, жалпы алғанда 58 пәтерді қосу жоспарлануда. Өткен жылы № 2 Ақкөл орта мектебінің қазандығы коммуналдық меншікке берілді, қазандық қуаттылығы артты, мектеп ғимаратының жанынан М.Мәметова көшесіндегі бес үй қосылды.

Іс-шара соңында аудан әкімі тиісті қызметтерге тұрғындармен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға және көп пәтерлі тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін құруға қатысты белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.