Аудан әкімі жаңа көпфункционалды алаңды көрді

Аудан әкімі жаңа көпфункционалды алаңды көрді

Ақкөл қаласын аралау барысында аудан әкімі Алпысбай Қуандықұлы Ақкөл № 2 орта мектебінің аумағында орналасқан көпфункционалды ашық алаңды көрді.

Көпфункционалды алаңның құрылысы ағымдағы жылдың маусым айының басында басталды, жөндеу жұмыстарын орындау үшін мердігер болып "Амиртас" ЖШС анықталды.

Футбол алаңын, түрлі ойын алаңдарын қамтитын спорт алаңы орнатылды, тәуліктің қараңғы уақытында прожекторлар жұмыс істейді, сондай-ақ алаңда баскетбол тағаны бар.

Бұл жоба ағымдағы жылдың шілде айының соңында пайдалануға берілді.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі