Құрметті Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер!

Құрметті  Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер!

Құрметті

Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер!

 

Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Жұмыспен қамту орталығы" МКМ, Сізге мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлерден өтініштерін қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Осыған байланысты, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 3-тарауының 15-тармағына сәйкес, Үміткер (немесе оның нотариалды куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу үшін тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);

     3) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;

      4) Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған) көшірмесі.

 

Құжаттарды қабылдау Жұмыспен қамту орталығымен жүзеге асырылады келесі  мекенжайы бойынша: Ақкөл қ, Нұрмағамбетов к-сі 92, тел.87163820734