Ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерінің туған күні!

Ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерінің туған күні!

Кеше 22 ақпанда Ақкөл ауданындағы Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Трубицын Федор Гаврилович 96 жасқа толды.

Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов аудандық мәслихат хатшысы Салыбекова Жұлдызай, аудан әкімінің орынбасары Алмас Алин және Ақкөл ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мананбаева Айжанқызымен соғыс ардагерін құттықтап, Федор Гавриловичке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, рух сергектігін, сарқылмас күш-қуат тіледі.

1-ші Белорус майданының 11 –ші әскеріңің құрамында болған азаттық шайқастарға қатысқаны үшін аудан әкімі туған күн иесіне "Белорусияны азат етудің 75 жылдығы" медалін табыстады, сонымен қатар Федор Гаврилович Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың атынан алғыс хатпен марапатталды.

Соғыс ардагері Федор Гаврилович Трубицын, Ұлы Отан соғысының I дәрежелі орденімен, "Ерлігі үшін", "Кенигсбергті басып алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Маршал Жуков", "армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов", "авиация генерал-майоры Талғат Бегелдинов", "Украинаны азат етуге 60 жыл", "Беларусь Республикасының неміс-фашистік басқыншылардан азат етілуіне 65 жыл", "Ерен еңбегі үшін" және т. б. медальдармен марапатталған.