Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шығарылған күні

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шығарылған күні

Посткеңестік кеңістікте бұл күндері Ауғанстан Демократиялық Республикасында кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл толады. 15 ақпанда таңертең Ақкөл қаласында Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан Ақкөл жауынгерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің, аудан және қала басшылығы, ардагерлер ұйымдары, күш құрылымдары, жұртшылық өкілдерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов жылы лебізін білдіріп, ардагерлерді атаулы күнмен шын жүректен құттықтады.

"Бүгін біз сарбаздар мен офицерлерге, сержанттар мен генералдарға терең құрмет көрсетеміз. Табандылық пен батылдық танытып, қолбасшылық қойған міндеттерді абыроймен орындағандардың бәріне" - деп атап өтті аудан әкімі А.Қайыржанов.

"Ақкөл ауданы бойынша Ауғанстандағы соғыс мүгедектері мен ардагерлері одағы" ҚБ төрағасы, запастағы гвардия подполковнигі Әлімжанов Сатбек интернационалист жауынгерлерге, сондай-ақ бейбіт уақытта ардагерлерді қолдайтын адамдарға алғыс хаттар мен естелік медальдарды табыс етті. Олардың ішінде: Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов; "Ауғанстаннан әскерлерді шығарғанына 30 жыл" медалінің иегері»; "Ауғанстаннан әскерді шығарғанына 30 жыл" медалімен марапатталған Ақкөл қаласының әкімі Анатолий Кривицкий, "Ауғанстаннан әскерді шығарғанына 30 жыл" медалімен марапатталған Дүйсекенов Секербай Серікұлы, "Германиядағы Кеңес әскерлері тобына 75 жыл" медалімен марапатталған Валерий Симчук, ардагерлерді белсенді қолдағаны үшін алғыс хаттармен кәсіпкерлер Бжесток Юрий; Қасымов Ерік марапатталды;

Қатысушылар мемориалға гүл шоқтарын қойып, жолдастарын бір минут үнсіздікпен еске алды.