ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сапары

ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сапары

05 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Нұрлан Бекенов және Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары Қанат Ыдырысов, Айна Мүсрәлімова жұмыс сапарымен Ақкөл ауданына келді. Кездесу барысында аудан әкімі Алпысбай Қайыржановпен бірге Әлеуметтік сала және ТКШ нысандарына барды. Депутаттар тексеруді "Восточная" қазандығынан және "КСМК" шағын ауданының қазандығынан бастады, онда Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов депутаттарды осы объектілердің жұмысымен таныстырды. Одан әрі Қазақстанның ғарыштық жерүсті инфрақұрылымының бірінші объектісі болып табылатын "Ақкөл" ғарыштық байланыс орталығы "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-да болды. "Ақкөл" ОКЖ - де 52 инженер және 35 қызмет көрсетуші персонал жұмыс істейді, - деді орталық директоры Қайрат Телғарин. Жұмыс сапарының соңында депутаттар "Smart Aqkol-2018" КММ демонстрациялық-ахуалдық орталығына барды. Smart Agkol жобасы жол және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде білім беру мекемелері мен әлеуметтік нысандардағы бейнебақылау, денсаулық сақтау саласындағы мониторинг және басқару, сондай-ақ ғимараттар мен тұрғын үйлерді жаңа буындағы "Ақылды жабдықпен" жарақтандыру арқылы қаланың қалыпты тіршілігін кешенді қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Бақытжан Жұмағұлов пен Нұрлан Бекенов аталған нысандардың қызметіне оң баға берді.