Ақкөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Ақкөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Ақкөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында қоғамның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Олардың жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі, таңдаған мамандықтарына адалдығы және халыққа қалтқысыз қызметі үшін шынайы алғыс білдірілді.

Іс-шара барысында өз қызметінде үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерге марапаттар, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.

Барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!

#АқкөлАуданы #МемлекеттікҚызметшіКүні #ПолицияКүні #ҚазақстанПолициясы #Ақкөл #МемлекеттікҚызмет