
Ақкөл қаласында «Жасмин» атты жаңа гүл дүкенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған кәсіп нысанын жергілікті кәсіпкер Татьяна Садвакасова ашты.
«Жасмин» дүкені қала тұрғындары үшін тек гүл сатып алатын орын ғана емес, сондай-ақ кез келген мерекеге, қуанышты сәттер мен маңызды оқиғаларға арналған сыйлықтарды таңдауға мүмкіндік беретін орталық болмақ. Мұнда заманауи талаптарға сай әртүрлі гүл композициялары мен сыйлық түрлері ұсынылады.
Дүкеннің ашылу салтанатына Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов қатысып, кәсіпкерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол жергілікті бизнестің дамуы аудан экономикасының нығаюына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына оң әсер ететінін атап өтті.
Жаңа нысан тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, қаланың көркін арттырады деп күтілуде.