Ақмола облысы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы туралы хабарлама

Ақмола облысы Ақкөл аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабындағы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті  сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/332 қаулысына,  «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы №29/334 қаулысына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «2020 жылдың 10 қаңтарына белгіленген партиялық тізімдер бойынша сайланатын  Ақкөл аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,  Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын хабарлаймыз.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

Орналасқан жері: Ақкөл қаласы, С.Нұрмағамбетов көшесі, 94, тел. 8(71638) 2-10-24

Комиссия төрағасы – Долгов Алексей Борисович, төрағасының орынбасары – Теміртасова Ғайни Бейсенқызы, хатшысы – Жетпісова Динара Болатқызы, комиссия мүшелері – Әлішева Нұргүл Ғалымқызы, Әшімов Келешек Қуандықұлы, Балғожина Жұлдызай Меңдібайқызы, Кендібаева Айнұр Қаббидоллақызы.