Ауданның өзекті мәселелері талқыланды

Ауданның өзекті  мәселелері талқыланды

26 қазан күні Ақкөл ауданының әкімі Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлының төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Аппараттық кеңестің күн тәртібіне келесі мәселелер: «Аудандық бюджеттің 2020 жылдың 9 айындағы орындалу қорытындылары туралы», «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің 2020 жылдың 9 айындағы жұмысы туралы», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2020 жылдың 9 айындағы көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы», «ҚР Мәжіліс Парламентінің және ҚР мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге дайындық туралы» енгізілді.

Жоғарыда аталған мәселелерді талқылағаннан кейін, аудан әкімі аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Аппараттық кеңес соңында, Ауған соғысындағы көрсеткен ерлігі және еселі еңбегі үшін Алпысбай Қайыржанов «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сәтпек Әлімжановқа салтанатты түрде Қызыл Жұлдыз орденін табыс етті. Көп жылғы адал еңбегі мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін аудан әкімі Татьяна Котвицкаяға «Қазақстан патриоты» медалін тапсырды. Ақкөл ауданы әкімі аппаратының қызметін жариялаудағы нәтижелі жұмысы үшін Алпысбай Қуандықұлы аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Сауытбайды Алғыс хатпен марапаттады.