
Анна Абрамовна — тыл еңбеккері, ерлік пен қайсарлық ұрпағының өкілі. Соғыстан кейінгі жылдары құрылыс-монтаж комбинатында бетоншы болып еңбек етіп, құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосқан.
Аудан әкімі Анна Абрамовнаға зор денсаулық, амандық, отбасында жылулық пен қамқорлық тіледі.
Осы атаулы күні — аудандық мәслихаттың төрағасы Абаханов С.Ш. және аудан ардагерлер кеңесінің төрайымы Мананбаева А.К. Анна Абрамовнаға жылы және шынайы тілектерін білдірді. Олар Анна Абрамовнаға еңбектегі ерлігі, қайсарлығы мен өмірлік даналығы үшін алғыстарын білдірді.
Анна Абрамовнаның өмір жолы — патрриотизм мен адал еңбектің айқын үлгісі.