Аудан басшысы Азат ауылына барды

Аудан басшысы Азат ауылына барды

23 қазанда Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов жұмыс сапарымен Азат ауылына барып, онда орта мектеп қазандығы мен ТКШ нысандарын аралады.

Алдымен аудан әкімі орта мектептің қазандығын қарап шықты. Одан әрі салынып жатқан «Азат ауылының су құбыры желілерін қайта құру» нысанына барып, су кернеуіш мұнарасының құрылыс барысын тексерді. Қазіргі уақытта аталмыш мұнараны жылыту бойынша жұмыстар аяқталуға жақын, сонымен қатар сорғы станциясының қабырғалары қалануда.

Сапар соңында, аудан басшысы әрқайсысы 150 текшені құрайтын екі ауыз су резервуарының құрылысын тексерді. Нысанды пайдалануға бергеннен кейін, ауыл тұрғындарын орталық сумен қамтамасыз ету жөніндегі көпжылдық мәселесі шешілетін болады.

Іс-шара қорытындысы бойынша, Алпысбай Қайыржанов Азат ауылының әкімі Самат Ыдырысовқа сорғы станциясы бригадаларының жұмысын бақылауда ұстауды, сондай-ақ мектептегі жылу режиміне тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.