Коронавирустық инфекция

Коронавирустық инфекция

Коронавирустар – вирустардың тобы, оның ішінде 2019 жылдың маусымда адамдарға және жануарларға әсер ететін екі субфамилияға біріктірілген, құрамында РНҚ бар вирустың 37 түрі бар. Адамның коронавирусы алғаш рет 1965 жылы жедел респираторлы вирустық инфекциялардан оқшауланған. Коронавирус белгілері:

–  дене қызуының көтерілуі;

–  тұмау;

–  бас ауруы;

–  жөтел;

–  тамақ ауруы;

–  әлсіздік;

–  іш өту.

* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.

Диагностика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:

–  қан анализін;

–  несеп анализін;

–  зертхана зерттеулерін;

–  ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.

–  Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

–  көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;

–  тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

–  Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактика шаралары:

–  қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы сабынмен мұқият жуу, сабын болмаса, антисептиктерді, спиртті, санитайзерлерді қолдану;

– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;

– бөлмені желдету;

– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;

– тынысалу органдарының шырышты қабығы қабынған адамдармен қарым-қатынас жасамау;

– коронавирус тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;

– адам көп жиналатын жерлерден алшақ болу.

Құрметті ақкөлдіктер, барлық белгіленген сақтық шараларды сақтап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғай жүріңіз!