
Алаңда өңірдің дамуындағы негізгі бағыттар қаралды: агросекторды жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу, аумақтарды реновациялау, су тасқыны кезеңіне дайындық, кооперацияны дамыту және төртінші деңгейлі бюджеттер арқылы ауылдық округтердің дербестігін кеңейту.
Форум қорытындысы бойынша өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан қатысушыларға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Марапатталғандардың қатарында — Кенес ауылдық округінің әкімі Жетписов Мадияр. Инфрақұрылымды дамыту, жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өңірлік бастамаларды іске асыруға белсенді қатысу бағытындағы еңбегі жоғары нәтижелі жұмыс ретінде атап өтілді.