Такси тасымалдаушысы ретінде қызмет көрсетуші тұлғалар назарына!

Такси тасымалдаушысы ретінде қызмет көрсетуші тұлғалар назарына!

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 қазандағы №125«Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы» қаулысына сәйкес.

Ақкөл ауданы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу мақсатында, автомобиль және қоғамдық көлiктермен жолаушылар тасымалының барлық түрiнен тек қана ресми түрде тiркелген такси қызметтерi, отбасы мүшелерiнен басқа бiр рет (1 рейсте) 2 ересек жолаушыны отырғыза отырып, жүруге рұқсат етiлетiндiгiн хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi №476 «Автомобиль көлiгi туралы» Заңына сәйкес: 26-бап. 26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру.

Жеке кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асыруды бастамас бұрын, жергiлiктi атқарушы органға Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңында белгiленген тәртiппен, қызметтiң басталғаны туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды міндетті рұқсатсыз және ескертусіз жүзеге асыру 2003 жылғы 4 шiлдедегi №476 Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңын және 2014 жылғы 16 мамырдағы №202 Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты, барлық тасымалдаушылар тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға (Ақкөл ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі) қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Хабарлама http://elicense.kz/ сайт арқылы берілуі керек.

Қосымша ақпаратты жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін «Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нен алуға болады. Мекен-жайы: Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 үй. Телефон: 2-16-10.

Барлық жолаушылар тасымалдаушылардан сақтық шараларын сақтауды, автомобильдердің салонын үнемі дезинфекциялауды, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын (бетперделер, қолғаптар, антисептиктер) қолдануды сұраймыз.