
Кына ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі, округ әкімі және ауыл тұрғындары қатысты.
Жобаның құны 231,8 млн теңгені құрайды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған ФАП ауысымына 40 адамды қабылдай алады. Енді 500-ден астам тұрғын алғашқы медициналық, шұғыл және профилактикалық көмекті ауыл ішінде, қолайлы жағдайда ала алады.
Медициналық пунктте акушер, медбике қызметтері, емдік процедуралар, әртүрлі тексерулер және аудан мен облыстың бейінді мамандарымен қашықтан кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған.
Жаңа ФАП-тың ашылуы ауылдағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып, денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың табысты жүзеге асуының тағы бір айқын мысалы болды.