Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең

Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең

Еліміздің әрбір азаматы Президенттің Жолдауын ерекше толқумен күтуде. Өйткені, біз әрқашан өзгерістерді, перспективалық шешімдерді күтеміз және Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасының ашықтығы туралы білеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытының жеті басты қағидаты айтылды, олар әрбір қазақстандық өмірінің аса маңызды аспектілерін қозғады. 2021 жылдан бастап біз өз зейнетақы жинақтарымыздың бір бөлігін пайдаланып, оларды тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсай алатынымыз қуантады. Біз үшін осы жаңалық өте маңызды. Президенттің өз Жолдауында ауылдағы медицинаға, спортты дамытуға, білім беруге, жеңілдікті ипотекаға ерекше назар аударғаны да маңызды. Әрине, балалардың құқықтарын қорғау мәселесі біздің қоғамда да басым мәселе болып табылады. Жас азаматтардың мүдделерін қорғау, өскелең ұрпаққа көмек және қолдау, спорт клубтарын ашу, білім беру мен медицина сапасын жақсарту, бизнес-бағдарламаларды оқыту еліміздің әрбір баласына бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Жолдау жағымды эмоциялар тудырды.

Биылғы Жолдауда  көптеген маңызды мәселелер қаралды. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалатынына және азаматтар арасында жоғары баға алатынына сенімдімін. Біздің еліміздің болашағы зор, оны сіздермен бірге құруымыз керек деп сенемін!

«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бірыңғай қызметінің бас маманы, Ақыжанова Р.Қ.