16 қазан күні Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Алиннің төрағалығымен аудан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі аудандық жедел штаб отырысы өтті.
Отырыс жұмысына жедел штаб мүшелері және қоғамдық тамақтану нысандарының басшылары қатысты.
Іс-шара барысында адамдар көп жиналатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол бермеу және демалыс күндері мобильді мониторингтік топтың жұмысын күшейту мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағаннан кейін, қоғамдық тамақтану, сауда, сервис нысандары мен қоғамдық орындарда карантиндік және бетперделік режимнің сақталуын бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.