БЕО –ТКШ саласындағы есеп айырысудың ашықтығы

БЕО –ТКШ саласындағы есеп айырысудың ашықтығы

14 қазан күні «Астана ЕРЦ» ЖШС бас директоры М.А.Әлменбетовтың қатысуымен Ақкөл ауданының әкімі А.Қ.Қайыржанов Бірыңғай есептеу орталығының негізгі функцияларын түсіндіру бойынша кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына «Астана ЕРЦ» ЖШС-нің өкілдері, «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары – Ж.Ж. Қажыбаев, Ақкөл қаласының әкімі А.К. Кривицкий, сондай-ақ ауданның өзін-өзі басқаратын бөлімдерінің, ұйымдар мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында «Астана ЕРЦ» ЖШС-нің өкілдері тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің барлық түрлерін бірыңғай төлем орталығына біріктіру, ТКШ-ның өзекті бірыңғай дерекқорын құру және жүргізу тетігі мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар,  БЕО-ның негізгі функцияларынан басқа төлемдердің барлық қолжетімді тәсілдерімен (Интернет, касса, терминал және т.б.) төлемдерді қабылдауды қамтамасыз ету алгоритмі туралы толық ақпарат берілді.

«БЕО жүйесінде қызметтерді тұтынушылардың ақшалай қаражаты банктердің транзиттік шоттарына түседі және қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шоттарына тікелей аударылады. Мұндай жүйе тұтынушылардың қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмайды. Осылайша, ТКШ саласының тиімділігін арттырады», – деп атап өтті Алпысбай Қайыржанұлы.

Іс-шара соңында аудан әкімі Мұратбек Әділбекұлына және оның командасына БЕО қызметін толық түсіндіргені үшін алғыс айтып, алдағы уақытта табыс тіледі. Сондай-ақ, тиісті қызметтерге кассалар, терминалдар және Интернет-төлемдер арқылы берешекті өтеу тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.