Азаматтардың өзекті мәселелері қаралды

Азаматтардың өзекті мәселелері қаралды

14 қазанда Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үй беру, АӘК тағайындау, ТКШ мәселелері: тұрғын үйлерді орталық жылуға қосу, жолдарды жөндеу, орталық сумен жабдықтауды жүргізу мәселелері қаралды. Қойылған сұрақтар мен өтініштерге түсіндірме жасалып, тиісті шараларды қолдану үшін құзыретті сала басшыларына тапсырма берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бекітілген кестеге сәйкес, азаматтарды әр сәрсенбі күні аудан әкімінің жеке қабылдауы жүргізіледі. Карантиндік шараларды ескере отырып, қабылдау барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады.

Аудан әкімінің қабылдауына алдын-ала: 8 (716 38) 2-10-05 телефоны арқылы жазылуға болады.