Алға жетелейтін бағыт

Алға жетелейтін бағыт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру сынды бірқатар бастама көтерді.

Сондай-ақ, мұғалімдер мен дәрігерлер мәселесіне тоқталып, олардың жалақысы өсетінін айтты. «Пандемия әкелген дағдарыс көп нәрсені үйретті. Мысалы, дәрігерлер еңбегін бағалау. Себебі бұрын медицина қызметкерлері мемлекеттің назарынан тыс қалған еді. Мамандықтың маңызы материалдық көмекпен де анықталу керек»,  – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін берді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауының орындалуына қатысты жүрегі елім деп соққан әр азаматқа зор сенім арта отырып, татулық пен тұрақтылықты негізге алып, айнымас қағидамызға айналған асыл қасиеттерімізден айнымай ортақ шаңырағымыз – Қазақстанды өркендетуге үлес қосуға шақырды және тиісті қолдау табатыны хақ.

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Урюпин селолық округінің әкімі, Досмухамбетов А.Ж.