Өзекті мәселелер қаралды

Өзекті мәселелер қаралды

30 қыркүйекте Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдады.

Тұрғындардың өтініштері аудан әкімі орынбасарларының, Ақкөл қаласы әкімінің және өзін-өзі басқаратын бөлімдер басшыларының қатысуымен қаралды.

Өтініш берушілер аудан әкімдігіне мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй беру, аула аумақтарын абаттандыру, зейнетақыны рәсімдеуге жәрдемдесу, жер теліміне электр желісін өткізу, жер телімдерін беру, Ақкөл қаласында демалыс аймағын салу, сондай-ақ ауданның денсаулық сақтау және білім саласын дамыту мәселелерімен жүгінді.

Аудан басшысы барлық өтініштер мен тілектерді мұқият тыңдап, тиісті бөлім басшыларына айтылған мәселелерді шешуде заңды көмек көрсетуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, аудан әкімінің қабылдауына алдын ала жазуды Ақкөл ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы Оспанова Алмагүл Өрікқызы жүргізеді. Байланыс телефоны: 8(716 38) 2-10-05.