Аудан әкімінің орынбасары Саят Ахмеджанов Жук Александр Александрович пен Кишкентаев Асланға грантқа түсу туралы сертификаттарды табыстады.
Олар Қарулы Күштер қатарында мерзімді әскери қызметін абыроймен өткеріп, ҰБТ-дан 76 ұпайдан жоғары жинап, жоғары оқу орнына мемлекеттік грант жеңіп алды. Мемлекет өз борышын адал атқарған азаматтарға тегін білім алуға мүмкіндік беріп отыр.
Бұл — жастарға үлгі боларлық іс! Құттықтаймыз және алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз!