Құрметті құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Полиция қызметкерлері – ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің кепілі. Сіздердің тәуліктік қызметтеріңіз, ерлігіңіз бен жауапкершілігіңіз – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі.
Ал мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттік саясатты іске асырып, халыққа сапалы қызмет көрсететін маңызды тұлғалар. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз ел дамуына үлкен үлес қосуда.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, жауапты қызметтеріңізде табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!