Ақкөл ауданының әкімі жұмыс сапарымен Ақкөл қаласындағы бірқатар маңызды нысандарды аралады.
Сапар аясында С. Нұрмағамбетов атындағы скверді абаттандыру, «Восточная» блок-модульді қазандығын орнату, Абай көшесі бойындағы аулаларды абаттандыру және Хамит Ерғалиев, Шегебай Узакбаев, Ілияс Жансүгіров көшелеріндегі жолдарды жөндеу жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді.