Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің нышаны. Елтаңба, Ту және Гимн – халқымыздың бірлігі мен тұтастығын білдіретін қасиетті құндылықтар. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен патриотизмнің символы.

Біз болашақ ұрпақты елін, жерін сүйетін, мемлекеттік рәміздерді құрметтейтін азамат етіп тәрбиелеуге тиіспіз. Елдік пен бірлікті ту еткен халқымыздың арман-мақсаты жүзеге аса берсін!

Баршаңызға амандық, бейбіт өмір, ырыс пен береке тілеймін!

 

Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов