Ақкөл ауданы  Қарасай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

  

Ақкөл ауданы  Қарасай ауылдық округі әкімінің

 сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бап, 8-1 тармақшасына, 113-1 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 19 қаңтарға Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия  төрайымы                                                                             Д. Жетпісова

 

 

Комиссия хатшысы                                                                      А. Шашкенова

 

 

 

 

 

Ақкөл қаласы

11 желтоқсан  2024 жыл

№65/25

 

Дата публикации
11 декабря 2024